+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Асқар Мамин Сингапурдың Аға Министрі Тео Чи Хинмен кездесті

2019 жылғы 14 қазан 19:10
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Сингапурдың Аға Министрі Тео Чи Хинмен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Сингапур Республикасының Аға Министрі және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министрі Тео Чи Хинмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет басшысы ЕО-ға мүше елдер дипмиссияларының басшыларымен кездесу өткізді Асқар Мамин «Росатом» корпорациясының басшысын қабылдады Асқар Мамин мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырды

Тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, оның ішінде биылғы 1 қазанда Ереван қаласында Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасында қол қойылған еркін сауда туралы келісім ратификацияланғаннан кейінгі ЕАЭО – Сингапур форматындағы екі елдің өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сингапурмен ынтымақтастыққа үнемі зор көңіл бөлді және Премьер-Министр Ли Куан Юмен жеке дос болды, осының арқасында екі елдің арасындағы қарым-қатынастар ойдағыдай дамып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Сингапурмен ынтымақтастықты тиімді дамытуға көп көңіл бөліп келеді», — деді А. Мамин.

Қазақстан Сингапурдың Орталық Азиядағы аса ірі сауда-экономикалық серіктесі, екіжақты сауда айналымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша $520 млн-нан асты. Биылғы маусым айындағы жағдай бойынша Сингапурдан Қазақстан экономикасына түскен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі үш есеге жуық – $28,5 млн-нан $80,7 млн-ға дейін артты.

Үкімет басшысы сингапурлық тарапты «Астана» халықаралық қаржы орталығына өзінің қатысуын белсенді арттыруға, екі елдің іскерлік орталарының арасында тығыз байланыстар орнатуға, Қазақстанның көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды.

Премьер-Министр тікелей шетелдік инвестициялар мен сауда көлемінің өсуін қамтамасыз ету Қазақстан Үкіметі жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Үкімет басшысы Сингапур өкілдерін алдағы уақытта, 2020 жылы маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының XII Министрлер конференциясына қатысуға шақырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT