Асқар Мамин Шымкенттегі автобустарға мініп көрді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкенттегі жұмыс сапары барысында жаңадан ашылған «Shymkent bus» автопаркіне барып, ондағы автобустарға мініп көрді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет басшысына жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету барысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, Шымкентте Қала күні қарсаңында жаңадан «Shymkent bus» муниципалды автопаркі ашылған болатын. Онда жоспарланған 300 автобустан 160-і әкелінген еді. Қалған 140 автобус шілде айында жеткізілмек. Жалпы 2020 жылдың наурыз айына дейін тағы 700 автобус келеді деп күтілуде. Қала басшылығы осылай таяу уақытта қоғамдық көлікке қатысты барлық мәселелер шешілетіндігін айтады.

Айта кетсек, жаңа автобустардың жалпы сыйымдылығы - 56 адам, автобус ұзындығы - 8,5 метр. Олар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Сондай-ақ жоба аясында жол ақысын төлеудің "Оңай" электрондық жүйесін орнату жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар