Асқар Мамин шетелден автобус сатып алатын әкімдерге ескерту жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сапалы автобус шығарылып жатса да оны шетелден сатып алатын кейбір әкімдердің қылығы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің ашуын туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде автобус шығарылып жатса да кейбір жергілікті атқарушы органдар импорттық өндірістегі автобусты сатып алады. Біз ондай деректерді білеміз. Қазақстанда бірнеше өндіруші бар, таңдау мүмкіншілігі жасалған. Өңірлерде нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Олар өткір бәсекелестік жағдайында отандық өндірісті қолдау қажет. Әйтсе де, біздің өндіріс бәсекеге қабілетті өнім шығарып жатыр», - деді ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сонымен қатар, бірінші вице-премьер әкімдерден шешім қабылдау барысында ең алдымен отандық өндірушілер өніміне басымдық беру керектігін қатаң ескертті.null

«Өңірлердегі кей басшылар тіпті шетелге демалысқа барған кезде осындай әрекеттерге барғаны туралы ақпарат жетіп жатыр. Мәселен, облыс әкімінің бір орынбасары демалысқа Түркияға барып, қайтып келгеннен кейін түркиялық автобустарды сатып алу туралы келіссөздер жүргізеді. Ал оның дәл қасында, шамамен 200 шақырым жердегі көрші облыста бәсекеге қабілетті отандық автобус өндірісі бар. Осыдан-ақ қорытынды жасауға болады. Өңірдегі әріптестер, меніңше, бұл мәселеге барынша байыппен қарау керек», - деп ескертті Асқар Мамин.

Айта кетерлігі, алқа мәжілісінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр 2018-2020 жылдарға арналған автобус тасымалын дамытудың кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандығын айтты. Автобус паркін жаңғырту аясында жеңілдікпен лизинг ұсынылады. Ол үшін республикалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлініп, «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның 10 млрд теңге коммерциялық инвестициясы тартылған.

«Қазір шамамен 1 мың автобус сатып алуға 30 млрд теңге бар. Өтінімнің басым бөлігі Шымкент қаласынан түскен. Олар аталған бағдарлама арқылы 800 автобус сатып алуға дайын»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар