+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Асқар Мамин: Санитария талаптарының орындалуына бақылауды күшейту керек

2020 жылғы 30 қыркүйек 09:51
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин: Санитария талаптарының орындалуына бақылауды күшейту керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин елде коронавирус инфекциясының қайтадан өршіп кетпеуі үшін бірқатар шара қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тұмау тарайтын уақытта коронавирустың да белсенділігі байқала бастады - дәрігер Шығыс Қазақстанда 15 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды

«Жалпы елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Вирустың репродуктивтік деңгейі 0,93 құрап отыр. Бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Дегенмен әлемде және бірқатар шекара маңындағы елдердегі эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, біз санитариялық талаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы жауапты министрліктерге бірқатар мәселелерге назар аударуды тапсырды.

«Біріншіден, мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктері санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етсін. Денсаулық сақтау министрлігі көшпелі медициналық кешендер мен жедел жәрдем автокөліктерін, қажетті техника мен жабдықты, жеке қорғану құралдарын сатып алуын қамтамасыз етіп, оларды 15 қазан айына дейін өңірлерге беру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. Екіншіден, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге санитариялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтсін», - деді ол.

Асқар Мамин сонымен қатар санитария режимін бұзудың кез келген жағдайының жолын кесу қажеттігін ескертті.

«Үшіншіден, Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстанға келетін азаматтарды санитариялық-карантиндік бақылауға алуды күшейту жөніндегі ұсыныстарын Ведомствоаралық комиссияда қарауды тапсырамын. Төртіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі, «СК-Фармация» және әкімдіктермен бірлесіп, медицина ұйымдарында және дәріханаларда дәрілік заттардың және жеке қорғану құралдарының болуын қамтамасыз етсін. Өңірлерде дәрілік препараттардың бағаларына бақылау жүргізу қажет», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT