+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Асқар Мамин QazaqGeography төрағасы болып сайланды

2018 жылғы 19 мамыр 15:56
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин QazaqGeography төрағасы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин QazaqGeography ұлттық географиялық қоғамының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім 19 мамыр күні Астанада Назарбаев университетінде QazaqGeography ұлттық географиялық қоғамының кезектен тыс съезінде қабылданды.

Съезд жұмысына QazaqGeography қамқоршылық және басқарушы кеңестері және белсенді мүшелері қатысқан. Онда ұйымдастыру мәселелері, атап айтқанда, QazaqGeography төрағасы атты жаңа лауазымды енгізу жайы талқыланған. Дауыс беру қорытындысы бойынша, жаңа лауазымға Мамин Асқар Ұзақбайұлы сайланды. Сондай-ақ, жиналыста төраға туралы ереже қабылданып, QazaqGeography жарғысына сәйкес өзгертулер енгізілді.
nullnull

QazaqGeography «Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылдың қазан айында QazaqGeography Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің бастамасымен құрылған. Бірлестік бес бағыт бойынша жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкентану; тарихи-мәдени мұра, этнография.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 11 өңірінде QazaqGeography өкілдіктері жұмыс істейді.

null

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT