Асқар Мамин: Президенттің сайлауалды бағдарламасына үлкен жауапкершілікпен қарау керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жоспарларды орындауға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің жұмыстың ең басты мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан, Президенттің сайлауалды бағдарламасындағы жоспарды орындауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Жоспар сабақтастыққа, әділдікке және прогреске негізделген. Бірінші - сабақтастық қағидаты аясында Үкіметтің жұмысы Елбасы бастаған жұмысты жалғастыратын болады. Атап айтқанда, «100 нақты қадам - Ұлт жоспары», «2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары», Қоғамдық келісім қатарлы механизмдерге назар аударылады. Екіншіден, әділдік қағидаты аясында сот жүйесін жетілдіруге, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, сыбайлас жемқорлықты барлық деңгейде жоюға бағытталған», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Асқар Мамин халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және білім берудің қазіргі заманғы стандарттары енгізілетінін, медициналық қызметтің қолжетімділігі артып, жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттік басқару тетіктері жетілдірілетінін мәлім етті.

«Үшінші прогресс аясында халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру, ауылдарды дамыту, бизнесті жетілдіру шаралары жоспарланған. Елдің дамуында жастардың рөлі ерекше. Олар прогрестің қозғаушы күшіне айналуы тиіс», - деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар