Асқар Мамин Президент Жолдауын іске асыру жайында: Бізден нақты нәтиже күтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент өз Жолдауында негізгі бес бағыт бойынша басты міндеттерді белгілеп берді. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі ждалпыұлттық іс-шаралардың ұсынылып отырған жоспары берілген тапсырмалар негізінде дайындалды. Президент құжатты бекіткеннен кейін мемлекеттік органдар мен әкімдікте алға қойылған міндеттерді шешуге дереу кірісу керек», - деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жалпыұлттық жоспардың жобасы таныстырылғаннан кейін.

Оның атап өтуінше, жалпыұлттық жоспардағы іс-шаралардың орындалуы бойынша бірінші басшыларға дербес жауапкершілік жүктеледі.

«Бізден нақты нәтиже күтілуде. Ұлттық экономика министрлігіне Премьер-Министрдің кеңсесімен бірлесіп, мақұлданған құжаттарды Мемлекет басшысының бекітуі үшін Президент әкімшілігіне шұғыл енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.




Соңғы жаңалықтар