Асқар Мамин Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығаруды қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысныда Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару ұсынысын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта 8,5 миллионнан астам – 18 жастан асқан азаматтардың 75 пайызы екпенің бірінші компонентін және 7,8 млн адам – ел тұрғындарының 69 пайызы екінші компонентін салдырды. Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қамтамасыз ету қажет. Қазір біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша вакциналауға жататын санаттарды кеңейтіп жатырмыз», - деген Үкімет басшысы 12 мен 18 жас аралығындағы балалар, жүкті әйелдерді, жас аналарды вакциналау басталғанын еске салды.

«Pfizer вакцинасы өңірлерге жіберілді. Сонымен қатар адамдардың өздерінің таңдауы бойынша, қажет вакцинаны ақылы түрде алу мүмкіндігі болу үшін вакцинаны нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды тасымалдау кезінде және қоймаларда сақтау режиміне ерекше назар аудару қажет. Осыған орай ақпараттық түсіндіру жұмысын қамтамасыз етуді және ревакцинация қағидаларын сақтауды сұраймын», -деді Асқар Маимин.

Соңғы жаңалықтар