+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Асқар Мамин: Отанды қорғау ата-бабаларымыз үшін қашан да қасиетті борыш саналған

2021 жылғы 7 мамыр 08:34
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин: Отанды қорғау ата-бабаларымыз үшін қашан да қасиетті борыш саналған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – ерліктің, ар-намыстың, батылдық пен патриотизмнің символы. Отанды қорғау біздің ата-бабаларымыз үшін қашан да қасиетті борыш саналған. Сол аға ұрпақтың даңқты дәстүрін бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері абыроймен жалғастырып келеді! Біздің армиямыз елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бастап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, сондай-ақ пандемияның таралуына қарсы бағытталған ауқымды міндеттерді тиімді шеше отырып, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын күзетуде. Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтып, еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, құқық қорғау органдарының және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскери жиындарға шақырылған әскери қызметке міндетті азаматтар мен өзінің қызметтік борышын атқарып жүрген қазақстандықтар да қомақты үлесін қосуда. Барлық әскери қызметшілерге мықты денсаулық, бейбітшілік пен аман-саулық, Отанға алдындағы игілікті істеріне табыс тілеймін!»,-делінген құттықтауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT