Асқар Мамин: Өңірлердің басым бөлігінде инвестиялық белсенділік жоғары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,4 млрд доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл алдымызға өршіл міндет жүктеп отырмыз. Ол - негізгі капиталға инвестиция көлемін жалпы ішкі өнімнің 20 пайызына дейінгі деңгейге, тікелей шетел инвестициясын 19 млрд долларға жеткізу. Жартыжылдықтың қорытындысында өңірлердің басым бөлігінде жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Ең үздік көрсеткіш Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Алматы қаласында. Төмендеу Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында тіркелген», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, толықтай алғанда негізгі капиталға инвестиция көлемі осы жылдың 6 айында 5,2 трлн теңгені құрап отыр

«2021 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижесінде тікелей шетелдік инвестицияның көлемі 4,4 млрд долларға жетіп, 10 пайызға өсті», - деді Асқар Мамин.

Еске салсақ, бүгін Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Шарада Мемлекет басышсы Қасым-Жомарт Тоқаев індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 пайызға өскенін айтты.


Соңғы жаңалықтар