+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Асқар Мамин өңірлердегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді

2019 жылғы 9 қазан 19:51
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин өңірлердегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Сингапурдың Аға Министрі Тео Чи Хинмен кездесті Бердібек Сапарбаев БҚО педагогтарына кәсіптік білімге ерекше көңіл бөлуге кеңес берді Үкімет заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу мәселесін пысықтауда

Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел өңірлеріне жұмыс сапарлары аясында берген тапсырмаларын іске асыру барысын тексерді.

ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрақты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындауға баса көңіл бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Премьер-Министр индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында әлемдегі ең ірі игерілмеген мыс кен орындарының бірі ‒ Ақтоғай кенішін игеріп жатқан «KAZ Minerals Aktogay» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кен орнының минералды ресурстары 1,7 млрд тоннаны құрайды. Кендегі мыстың жалпы мөлшері 5,8 млн тоннаны құрайды. Ақтоғай ТКБК қуаттылығы жылына 25 млн тонна өңделген кенді құрайды, 2021 жылдан бастап бұл көрсеткішті екі есеге арттыру көзделген.


Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолын салу жобасының іске асырылу барысымен танысты. Биыл 198 шақырым жолда көлік қозғалысын ашуды қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы, ұзындығы 763 шақырым болатын жолда қозғалыс 2020 жылы ашылады. Сонымен қатар, «Қалбатау ‒ Майқапшағай» трассасын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда жыл соңына қарай 45 шақырым автожол пайдалануға беріледі.


Өскемен қаласында А. Мамин Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы жанындағы Онкология және хирургия орталығының, Роботтандырылған хирургия, ангиохирургия және трансплантология орталығының қызметімен, ШҚО әкімі Ведомствоаралық ситуациялық және инвестициялық орталығының қызметімен танысты.

Премьер-Министр өңірдің инвестициялық әлеуеті, өнеркәсіп саласындағы цифрландыруды дамыту, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттерінің Startup жобаларын іске асыру бойынша презентацияларды өткізуге арналған шоурумды қарап шықты. Сондай-ақ, мұнда «Jastar Time» инновациялық орталығы орналасқан, онда 5-11 сынып оқушылары АT бағыттары бойынша оқытылады, атап айтсақ: 2D/3D графикасы, бағдарламалау, видео жасау және т.б.


Алматы облысында Үкімет басшысына ұзындығы 314 шақырым болатын «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолының шығыс бөлігін реконструкциялау, ұзындығы 184 шақырым болатын «Үшарал ‒ Достық» автожолының құрылысы жобасы туралы баяндалды.


Қарағанды ​​облысында «Қарағанды ‒ Балқаш» автожолының учаскесіндегі жұмыстар тексерілді. Осы жоба бойынша биыл 40 шақырым жолда қозғалыс ашылады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жолдың барлық ұзындығы бойынша қозғалыс ашылады деп жоспарлануда. «Қарағанды ‒ Теміртау» және «Қарағанды ​​айналма жолы» жобалары бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, 61 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Премьер-Министр Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды ​​облыстарының жолдарындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Сонымен бірге, Үкімет басшысы құрылып жатқан көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Келесі жылы біз «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Алматы» жолдарының бойында толық жол жүруді қамтамасыз етуіміз керек», — деді А. Мамин.

Тексерілген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT