Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолын ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұзындығы 87 шақырым болатын Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы айналма автожолды ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың дамуына ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту аясында біз өте маңызды оқиғаға куә болып отырмыз – елорда маңындағы ұзындығы 87 шақырым болатын айналма жол бойымен толық қозғалыс ашылуда», - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы «шұғыла» қағидаты бойынша елордадан оңтүстік-орталық, орталық-шығыс, орталық-батыс бағыттарында қауіпсіз әрі сапалы автомобиль жолдарының жобалары іске асырылып жатқанын, бұл еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне және батысынан шығысына тура өтуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Елорданың айналма автожолының ашылуы қаланың көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға, автокөліктердің жылдамдық режімін ұлғайтуға және жүргізушілердің уақыт шығынын қысқартуға, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Автожолды ашу рәсімі аясында Үкімет басшысы «ҚазЖолҒЗИ» АҚ ғылыми-зерттеу институты мен бірқатар қазақстандық компаниялар ұсынған автожол саласындағы жаңа технологиялармен және материалдармен танысты.

Соңғы жаңалықтар