Асқар Мамин: Нұр-Сұлтан - еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің айқын көрінісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды қазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын!

Біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы өркендеуі мен жетістіктерінің айқын көрінісі, Қазақстан халқының күш-қуатының, оның ерік-жігері мен қиындықтарды қаймықпай еңсеріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алуының айғағы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің, барлық қазақстандықтардың күш-жігері мен еңбегінің арқасында бүгінгі таңда елордамыз халқымыздың мақтанышына және Қазақстан экономикасының дамуының локомотивіне айналды.

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Асқар Мамин


Соңғы жаңалықтар