Асқар Мамин: «Nur Оtаn» партиясының сайлауалды бағдарламасы халықтың әл-ауқатын арттырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Оtаn» партиясының сайлауалды бағдарламасы халықтың әл-ауқатын арттырады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Оtаn» сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша 71 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Оtаn» партиясының XVII съезінде жария еткен«Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасына халық қолдау көрсетті. Бұл бағдарлама еліміздің орнықты әлеуметтік-эконмикалық дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттырумен байланысты», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар