Асқар Мамин нарық қажеттігіне сай ІТ-мамандарды дайындауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин жауапты министрліктерге нарықтың қажеттігіне байланысты ІТ-мамандарды дайындауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғары технологиялы шешімдердің дамуымен электронды салада – денсаулық сақтау, білім беру, электроны үкімет қызметтері саласында, 4.0 индустрияда және жасанды интеллектте цифрлық құзыреттерді дамыту өзекті бола түсті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Білім және ғылым министрлігімен, «Атамекен» палатасымен бірлесіп, нарықтың әлеуетті қажеттігіне байланысты ІТ-мамандарды дайындау мәселелерін пысықтасын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек Үкімет басшысы бүгінгі отырыста жыл соңына дейін ауыл халқының 99%-на кең жолақты интернет қолжетімді болатынын мәлім еткен еді.



Соңғы жаңалықтар