+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Асқар Мамин мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырды

2019 жылғы 26 қараша 09:34
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда алғаш рет педагогтың демалыс және жұмыс уақыттары заңмен регламенттелді Медициналық кадрлық ресурстардың ұлттық жүйесі құрылады - Асқар Мамин 2025 жылға қарай Қазақстанда халықтың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді

«Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызына халық интернет арқылы қол жеткізе алатын болады. Біздің алдымызда осы көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 28-ші орынға шығу керек. Сондай жоспарымыз бар. Бүгінгі таңда 39-шы орындамыз. Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторына қол жеткізу үшін шаралар қабылдау қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, халыққа сапалы әрі қолайлы мемқызмет көрсетуге біртіндеп қол жеткізіліп келеді.

«Дегенмен, назар аударалық бірқатар мәселе бар. Біріншіден, әлемдегі мемлекеттік қызмет көрсетуде цифрлық технологиялардың рөлі артып келеді. Қазіргі таңда мобильді интернетті кеңінен қолданады. Осы ретте мемлекеттік қызметтерді смартфондар арқылы алу бойынша сұраныс артуда. Бүгінгі күні «егов» қосымшасы арқылы 31 мемқызмет көрсетіледі. Бұл шамамен 4 пайыз ғана. Сондықтан, тұрғындар үшін мобильдік құрылғылар арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырамын», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT