Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге нақты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге нақты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатын болады», - деді Асқар Мамин.
Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар министрлік пен әкімдерге нақты тапсырмалар берді.
«Бірінші - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері әкімдіктермен бірге барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыспен қамтуды жандандыруда нақты шаралар қабылдасын. Екінші - өңірлердің әкімдіктері бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барлық көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз етсін. Үшінші - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктердің жоспарланған индикаторларға, әсіресе азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бөлігінде қол жеткізген нәтижелеріне сапалы талдау мен мониторинг жүргізсін. Ералы Лұқпанұлы, бақылау өзіңізде», - деді Үкімет басшысы орынбасары Ералы Тоғжановқа қарата.
- Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 13,5% азайды
- Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады
- ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
- Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады
-
Асқар Мамин: Үкімет Парламентпен үйлесімді жұмыс істейді
-
Атырау облысында шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам