+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Асқар Мамин мен Өмірзақ Шөкеев ағаш отырғызу бойынша республикалық акцияны бастап берді

2019 жылғы 3 қазан 13:28
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин мен Өмірзақ Шөкеев ағаш отырғызу бойынша республикалық акцияны бастап берді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев «Нұртас Оңдасынов» аллеясында ағаш отырғызып, еліміздің барлық өңірлерінде болатын экологиялық сағат– жаңа республикалық акцияны бастап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет басшысы ЕО-ға мүше елдер дипмиссияларының басшыларымен кездесу өткізді Асқар Мамин «Росатом» корпорациясының басшысын қабылдады Асқар Мамин мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырды

Түркістанда аптап ыстықтан сая болатын жасыл белдеу жұмысы барысында аудан мен қала жұрты асарлатып, 220 мың түп ағаш егеді. Қазақта «Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген тәмсіл сөз бар. «Эко сағат!» республикалық акциясы аясында мұнда 20 түп каштан, 30 лип ағашы мен 50 түп арша бой көтермек.


«Мақсатымыз – өзіміз өмір сүріп жатқан көне шаһар Түркістанды көгалдандырып, көркейту. Оңтүстік өңірі ағаш өсіруге өте қолайлы аймақ. Айналамызды жасыл желекке бөлеп, қоршаған ортамыздың көгалдандыруға бәріміз атсалысуымыз керек. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде дені сау ұрпақ, баянды болашақ қалыптасады», – деді Өмірзақ Естайұлы аталған шараның маңыздылығын алға тарта.


Түркістан қаласы айналасынан жасыл белдеу құру мақсатында бүгінде 488 гектар жерге 203 496 түп ағаш көшеттері (қарағаш, бадам, өрік, терек, жиде) егілген. Сонымен қатар, бүгінде 2-кезең бойынша Арыс-Түркістан каналы бойындағы жерлерді жаппай жырту және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жасыл белдеуге егілетін көшеттерді өндіру мақсатында 300 гектар жерге тұқымбақ ашып, оның 30 гектар аумағына ағаш тұқымдарын себу және 1212 гектар жерді жыртып, 100 гектарына ағаш көшеттерін егу жұмыстары атқарылмақ. Жалпы, республикалық маңызы бар шара шеңберінде елімізде 1 миллион ағаш егіледі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT