Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласына қатысты тапсырмалар берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласына қатысты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда осы уақытқа дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 3 трлн теңгеге жуық 1300 жоба іске асырылуда және әзірленуде. Ең ауқымды жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық, білім беру, денсаулық сақтау секторларында іске асырылуда. Жобалардың саны мен сомасына қарасақ, осы бағыттағы жұмыстың қарқыны жаман емес. Бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әлеуеті толығымен жүзеге асырылмаған деп айтуға болады. Біріншіден, бүгінгі баяндамашылар жобалардың сапасы бойынша мәселе көтерді. Осыған байланысты өңірлерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қарау кезінде бюджеттен шығындарды азайтатын жобаларға аса назар аударуды тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар А. Мамин инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде көлік және энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық жобаларды іске асыруды жалғастыру қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуын ынталандыру, халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибе бойынша қосымша тетіктерді талқылау жүктелді.

«Бұл салада заңнамаға қажет өзгерістерді пысықтау қажет. Денсаулық сақтау саласында осындай жобалар қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл бағыттың әлеуеті елеулі. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті алдағы уақытта белсенді пайдалануы тиіс», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар