USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Асқар Мамин мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді қолдады

2021 жылғы 30 қараша 09:53
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді қолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту ұсынысын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды ЭКҰ-мен босанған әйел: «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы ана атану бақыты бұйырды ДДСҰ COVID-19-ға қарсы қолдануға болатын тағы екі жаңа препаратты ұсынды

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйде сақталып тұр. Стационарлық және амбулаторлық емдеудегі науқастар саны айтарлықтай азайды. Инфекциялық ауруханалардағы орындар 29 пайызға, ал реанимациялық орындар 23 пайызға толық. «Қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалып отыр, 5 өңір – «сары» аймақта, 11 – «жасыл» аймақта. Басқа елдерде коронавирустың «Омикрон» деген жаңа штаммының пайда болғанын ескере отырып, Мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдаймын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министр ел ішінде де эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда болуы қажеттігін, ғимараттар мен көлікте маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жалғасу тиістігін баса айтты.

«Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен тиісінше қамтамасыз ету керек. Қазіргі уақытта шамамен 8,8 млн адам бірінші компонентті салдырды, бұл 18 жастан асқан адамдардың 76,6 пайызы және 8 миллионнан астам адам екінші компонентті салдырды, бұл – 70,8 пайыз. Бірақ бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін әлі жеткіліксіз. Денсаулық сақтау министрлігіне Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын», - деген Премьер-Министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT