+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Асқар Мамин: Мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек

2021 жылғы 22 маусым 09:41
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин: Мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус қаупінің артуына байланысты мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Ауруханалардағы орындардың жүктемесі 25 пайыз және жансақтау бөлімдерінде 21 пайызды құрап отыр. Елорда «қызыл» аймақта, вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Бұл елордада қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін және вакцина салу қарқыны төмен екенін көрсетеді. Жалпы өңірлердің басым бөлігі - «жасыл» аймақта, 5 өңір - «сары» аймақта», - деді Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, бүгінгі күні 2,8 миллионнан астам адам бірінші компонентті, 1,7 миллионнан астам адам екінші компонентті салдырды.

«Өздеріңізге белгілі, елордада коронавирустың «дельта» штамына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отыр. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Осы ретте бүгін Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді және Нұр-Сұлтан қаласындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдату бойынша іс-шараларды қабылдауды тапсырамын», - деді Премьер-Министр.

Асқар Маминнің атап өтуінше, қазіргі таңда жалпы Қазақстандағы жағдай қалыпты болғанымен, көрші мемлекеттердегі жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

«Сондықтан мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту керек. Осы ретте санитариялық - эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуына және вакцинация қарқының өсіруге баса назар аудару қажет», - деді Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT