+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Асқар Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2020 жылғы 28 шілде 19:38
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жағдайында ел экономикасының қарқыны қалай Республикалық бюджеттің шығыстары 99,1% атқарылды – Қаржы министрлігі Әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төмен құлдырауға тап болды

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуның өзекті мәселелерін шешу үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдар мен Қызылорда облысының әкімдігі атқарған жұмыстар туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов пен облыс әкімі Г. Әбдіқалықова баяндады.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, Денсаулық сақтау министрі А. Цой және басқа да орталық мемлекеттік органдардың басшылары түсінік берді.

Қызылорда облысын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы 100 млрд теңгеге 79 жобаға қолдау білдірді. Биыл өңірде 15,6 млрд теңгеге 42 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Жобалар тізімі Қызылорда су торабын қайта жөндеуді бастауды, Қызылорда, Арал қалаларындағы және Тереңөзек кентіндегі сумен және электрмен жабдықтау жүйелерін дамытуды, «БЖК – 2025» аясында жас кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беруді және шағын несиелендіруді арттыруды, Қызылорда қаласындағы жаңа магистралды көшенің құрылысын жалғастыруды қамтиды.

Білім және ғылым министрлігі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардан шыққан оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету аясында Үкімет резерві есебінен облыстың 34,7 мың оқушысы үшін компьютерлік техника (компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер және модемдер) сатып алуды көздеп отыр.

2021 жылы 32 жобаны іске асыруды бастау жоспарланып отыр. Оның ішінде Ақбасты, Тоқабай, Абай, Төретам, Жанқожа батыр, Майдакөл елдімекендерін және Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау жүйелерін дамыту, Көкарал бөгетін, Күміскеткен және Қараөзек су қоймаларын жаңғырту, сондай-ақ ирригациялық жүйелерді жетілдіру, Жалағаш кентінде газ құбырын және орамішілік газ желілерін салу, тұрғын үй және тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, соның ішінде Байқоңыр қ. бес 50 пәтерлі тұрғын үй салу және т. б.

Аталған шаралар өңірді одан әрі дамыту үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді деп күтілуде. Оның ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі және жаңа жұмыс орындарын құру.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT