Асқар Мамин: Құрылыс саласында 630 мыңнан астам адам жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс саласының қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап

«Қазақстандықтарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, инженерлік, өндірістік және көлік инфрақұрылымын салу жөніндегі мемлекеттік міндеттердің сәтті шешімі құрылысшылардың біліктілігі мен шеберлігіне байланысты. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда, олар халықтың тұрмыс сапасын арттыру, қолжетімді баспана алу және жаңа өнімді жұмыс орындарын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Президент Қ. К. Тоқаев маңызды көрсеткіштерге қол жеткізген құрылыс саласын одан әрі дамытуды мақсат етіп қойды — биыл құрылыс саласының өсу қарқыны 11% құрайды»,- делінген Үкімет басшысының құттықтауында.

Бүгінгі таңда Қазақстанның құрылыс саласында 630 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

«Құрылыс саласын одан әрі жаңғырту, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту және еліміздің барлық өңірлерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жаңа ауқымды міндеттерді шеше алатындарыңызға сенімдімін.Құрылыс саласының барлық жұмысшылары мен ардагерлеріне мықты денсаулық, әл-ауқат және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!»,- деді А. Мамин.

Соңғы жаңалықтар