Асқар Мамин құрылыс қалдықтарына арналған полигондар салуды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс қалдықтарына арналған полигондар салуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерде рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, соның ішінде, құрылыс қоқыстарының пайда болу себептерінің бірі – елде құрылыс полигондарының болмауы және жалпы полигондардың талаптарға сәйкес келмеуі болып отыр. Индустрия министрлігіне Экология және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонның үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырамын. Ал әкімдіктермен бірлесіп, қолданыстағы заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес, құрылыс полигондарын салу мәселесін пысықтасын», - деді Асқар Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, Премьер-Министр кәріз-тазарту құрылыстары мәселесі де өзекті екенін, олардың санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін айтты. Сондықтан Индустрия министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырамын.

«Әкімдіктер биылғы ағаш отырғызу жоспарларын орындасын. Жалпы көгалдандыру, отырғызылатын ағаштардың әрі қарай өсіп кетуі әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуы керек. Сондай-ақ, отырғызу материалын өсіру үшін тәлімбақтар мен орман шаруашылықтарының жай-күйіне назар аударылсын», - деп тапсыма берді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар