Асқар Мамин ҚР Президенті сайлауында дауыс берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дауыс беру үшін Премьер-Министр Нұр-Сұлтан қаласында Астана концерт залындағы №138 сайлау учаскесіне келді. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов та дәл осы учаскеде дауыс беріп кетті.

Үкімет басшысы аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алды және кезекте тұрғанда қала тұрғындарымен сөйлесті.

Дауыс беріп болған соң, Асқар Мамин халықаралық байқаушылармен кездесіп, пікір алмасты.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. Қазақстанның 8023 сайлау учаскесінде дауыс беру жүргізіліп жатыр.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де ашылды.

null null

Соңғы жаңалықтар