Асқар Мамин: Көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы аяқтау - маңызды мәселе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жауапты ведомстволар мен аймақтарға көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, егіс жұмыстары дұрыс ұйымдастырылып жүргізіліп жатыр. Қарқын көңілден шығады. Бұл сұрақтардың күнделікті бақылауда тұрғанын атап өткім келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі аймақтармен бірге егіс науқанын лайықты дәрежеде әрі уақтылы жүргізеді деген үміттемін. Барлық ұйымдастырушылық және қаржылық бағыттағы жұмыстар аяқталды десе де болады. Жанар-жағармаймен қамтуда да Энергетика министрлігі жағдайды реттеді. Сол себепті, барлық мәселелер шешілді деп есептеймін», - деді Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен отырыста.

Үкімет басшысы мамырдың үшінші онкүндігінде ауа райының жағдайы әсіресе орталық және солтүстік аймақтарда қолайсыздау болып тұрғанын айтып өтті.

«Мұны да ескерулеріңізді сұраймын. Сондықтан, егіс жұмыстарын уақтылы аяқтау - маңызды мәселе екенін еске салғым келеді», - деп түйді сөзін Асқар Мамин.
null

Еске сала кетсек, аталған отырыста Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет басшысы Асқар Маминге көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысын баяндаған болатын.

Соңғы жаңалықтар