+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Асқар Мамин: Қазіргі міндет – 60 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптастыру

2021 жылғы 19 қазан 10:06
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин: Қазіргі міндет – 60 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптастыру

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидахуалды тұрақтандыру бойынша Үкімет алдында тұрған басты міндетті атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Замбияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамы анықталды «Омикрон» штамы Оңтүстік Африкада коронавирустың төртінші толқынын тудырды АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штаммы анықталды

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты. Өңірлердің бәрінде де вирус жұқтыру деңгейі біршама төмендеді, ауыр науқастар мен стационарда, амбулаторияда емделіп жүргендер саны азайды.

Дегенмен, 6 өңір әлі де «қызыл аймақта». Бұл – Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қазір біздің алдымыздағы міндет – 60% ұжымдық иммунитетке қол жеткізу», - деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы вирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін 8 миллионнан астам адамның, екінші компонентін 7,2 миллионға жуық адам алғанын еске салды.

«Сонымен қатар, қазіргі уақытта тұмауға қарсы егу науқаны жүруде. 1,4 млн адам тұмауға қарсы екпе алды. Жалпы, екпе науқаны бойынша жұмысты жалғастыру қажет», - деп түйіндеді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT