+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

2021 жылғы 8 наурыз 08:34
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады Асқар Мамин Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді

«Аяулы аналар, арулар, cіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, cіздер жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше орын аласыздар.

Қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы еселі еңбектеріңіз арқылы cіздер Қазақстанның дамуына да орасан зор үлес қосып отырсыздар.

Өміріміздегі қуанышты да жарқын сәттер үшін біздің шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздерді ардақтаймыз және жақсы көреміз!

Бақуатты және бақытты болыңыздар!

Ізгі тілекпен, Асқар Мамин», делінген құттықтауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT