Асқар Мамин: «ҚазАқпарат» ХАА ақпарат тарату ісінде алғашқы қарлығаштардың бірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚАзАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын 100 жылдық мерейтоймен құттықтады.

«Құрметті қаламгерлер,агенттік қызметкерлері! Сіздерді «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық торқалы тойымен құттықтаймын! Еліміздегі ең байырғы әрі халықаралық дәрежеге ие болған алғашқы ақпараттық агенттік «ҚазАқпараттың» мерейлі мерекесі отандық және шетелдік оқырман қауымының баршасына ортақ. Өткен ғасырдың басында ақпарат тарату ісінде алғашқы қарлығаштардың бірі болған агенттік тарихы ұлттың тұтас бір дәуірінің шежіресі мен асыл қазынасын түгендей отырып, бүгінде әлемдік ақпарат кеңістігіндегі заманауи, бәсекеге қабілетті биік мінберге айналды. Бұл ретте қара шаңырақта қолтаңбалары қалған ұлт қайраткерлерінің, көрнекті тұлғаларының, бірнеше буын журналистердің, кәсіби ісіне шынайы берілген Сіздердей іргелі ұжымның еңбегін ерекше атап өткім келеді», - деп жазды Премьер-Министрі құттықтауында.

Ол әлемде болып жатқан сан алуан оқиғаларды, еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды, қоғамдық өмірдегі жаңалықтарды, жұртшылыққа кеңінен насихаттап, шынайы жеткізуде аға агенттіктің халықаралық медиа – кеңістіктегі орны қашан да көш ілгері болатынына сенімді екенін жеткізді.

«Абыздық белеске шыққан мерейтойларыңыз құтты болсын! Тұрақты оқырмандарыңыздың қатары еселей өсіп, еңбектеріңіз жана берсін. Ұжымға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толайым табыс тілеймін!», - деді Асқар Мамин.



***

ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінің ғасырлық тарихы жайында графикалық лонгридпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз


Соңғы жаңалықтар