Асқар Мамин қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттерін аралап көрді
2017 жылғы 22 ақпан 20:10

Асқар Мамин қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттерін аралап көрді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Қазақ-өзбек шекарасындағы үш кеден бекетінің қызметімен танысты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Айта кетейік, делегация құрамында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин бар. Сапар барысында жұмысшы топ «Б.Қонысбаев» атындағы кеден бекетін көршілес Өзбекстан аумағына дейін кеңейту мәселесін талқылады. Сонымен қатар, олар жүктерді өңдеу уақыты мен азаматтардың шекарадан өту процесін оңтайландыруды және Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді сауда - экономикалық тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыру жайын сөз етті.
null

Өзбекстанмен арадағы негізгі кеден бекеттерінің бірі болып табылатын «Б.Қонысбаев» бекеті автокөліктерді өткізуге арналған. Аталған кеден бекеті арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің, алыс шетел (Иран, Түркия) мемлекеттерінің тауарлары мен көлік құралдары өтеді. Мәселен, өткен 2016 жылы осы бекет арқылы 42 мың жүк көлігі және 11 мың жеңіл автокөлік құралдары өткен.

Іссапар барасында делегация құрамы 2009 жылы қайта жөндеуден өту кезінде салынған «Жібек Жолы» бекетіндегі жолаушылар терминалына барды. Заманауи терминалдың пайдалануға берілуі ондағы жеке тұлғаларды тәуліктік өткізу мүмкіндігін 14 мың адамға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, 2006 жылы өткізу қабілетін арттыру мақсатында реконструкцияланған «Қапланбек» кеден бекеті қызметінің аймағында аумағын кеңейтуді талап ететін Келес өзені арқылы өтетін көпір қаралды. Бүгінгі таңда, осы бекеттің 28 мыңнан астам жүк және жеңіл көлік құралдарын, сонымен қатар, шамамен 2 мыңға жуық жеке тұлғаларды өткізуге қабілеті бар.

Айта кетейік, 3 кеден бекетінен өткен 2016 жылы 6 миллионнан астам жеке тұлға мен 84 мыңға жуық жүк және жеңіл көлік өткен.
null

Jańalyqtar

MURAǴAT