+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Асқар Мамин Катар делегациясымен кездесті

2020 жылғы 14 ақпан 13:18
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Катар делегациясымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Катар мемлекетінің сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауари бастаған делегацияны қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Халықтың нақты табысын арттыру жұмыстарын күшейту қажет - Асқар Мамин Асқар Мамин Президентке елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады Асқар Мамин әкімдерге ескерту жасады

Али бен Ахмед әл-Кауари Қазақстан Үкіметінің басшысын жоғары деңгейдегі V Қазақстан–Катар бірлескен комиссиясының сарапшылық тобы отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-банк, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Елдердің арасында визасыз режим орнатылған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстерді іске қосу жоспарланған. Одан кейін астаналар арасында ғана емес, сондай-ақ Алматы мен Доха арасында аптасына 7 рет жиі рейстер орындала бастайды.

Тараптар биыл наурыз айында Қазақстанға Катар шейхі әмір Тамим бен Хамад әл-Танидің келуін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы-банк салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Кездесуге ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Катар мемлекетіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі А. Шоқыбаев қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT