+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді

2020 жылғы 22 қазан 15:41
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жобалық кеңсенің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаулық зергердің бұйымдары Ресей мен Украинада сұранысқа ие Маңғыстаулық кәсіпкер ешкі сүтінен табиғи өнімдер дайындайды 27 жастағы Жаңаөзен тұрғыны тапсырыспен торт пісіріп, табыс тауып жүр

Өңірлердің экономикалық картасын әзірлеу, «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын іске асыру, жеңілдікпен несиелендірудің басқа да бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс барысы, мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселелері қаралды.

Отырысқа Үкімет мүшелері, ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдері, өңірлердің әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ», «Аграрлық несие корпорациясы», Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басшылары және т. б. қатысты.

Үкімет басшысына өңірлердің өндірістік мамандануын айқындауға, өңірлер, салалар және нақты мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін өңірлердің Интерактивті экономикалық картасының жобасы таныстырылды. Интерактивті экономикалық карта үшін барынша толық деректерді Қостанай, Қарағанды облыстарының және Шымкент қаласының әкімдіктері ұсынған, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы мәселені жеткілікті пысықтап жатқан жоқ.

«Өңірлердің интерактивтік экономикалық картасы 2021-2025 жылдарға арналған Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болуы тиіс. Кезең-кезеңмен деректерді өзектендіруді қамтамасыз ету қажет. Жобалық кеңсе әкімдіктер мен даму институттары үшін көрсеткіштердің түпкілікті тізбесін айқындауы қажет», — деді А. Мамин.

Ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына түзетулердің 6-топтамасы күшіне енді, олар экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде елеулі қолдау көрсетуге бағытталған.

Мәселен, Қазақстанның Даму банкінің бағдарлама операторы ретінде қосылуы импортты алмастыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

«Даму» қорының кепілдіктерін қарау және беру мерзімдерін 25 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген. АӨК саласындағы жобалар үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның 50%-дан 85%-ға дейінгі мөлшерде кепілдік беру тетігі енгізілді. Ағымдағы жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бойынша 603 млрд теңге сомасына 2492 жоба мақұлданды, 364,5 млрд теңге сомасына 2192 жоба субсидияланды. Жаңа жобаларды пысықтау бойынша көш басында Алматы қаласы, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары, ең төменгі көрсеткіштер Ақмола, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының бизнестің қарсы міндеттемелеріне цифрлық бақылауды енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес бір ай мерзімде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Мемлекеттік қолдау барынша жоғары нәтиже алуға бағытталуы тиіс. Сондықтан бірінші кезекте, жұмыспен қамтуды сақтау, салықтар мен өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға қатысты бизнестің қарсы міндеттемелерін бақылау қажет», — деді А. Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT