+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді

2021 жылғы 16 сәуір 18:31
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды Шығыс Қазақстанда 163 нысан Ashyq жобасына қатысуда Қазақстандықтар еліміздің 11 үздік әлеуметтік кәсіпкерін таңдады

Жеңілдікті несие беру бағдарламаларының мониторингі және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, мемлекеттік сатып алудағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту, өңірлердің экономикалық картасын өзектендіру барысы мен микроқаржы ұйымдарын дамыту мәселелері туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Қазіргі таңда Жобалық офис «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025», «Кең дала» жеңілдікті несие беру бағдарламаларының және «ҚазАгро» холдингінің басқа да қаржы құралдарының субъектілік мониторингін жүргізуде. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бүгінде қаржыландырудың жалпы көлемінің 72%-ы іске асырылды — екінші деңгейдегі банктер 724,1 млрд теңге сомасына 2903 жобаны мақұлдады, 579,3 млрд теңге сомасына 2317 жоба субсидияланды. Мақұлданған жобаларды іске асырудың болжамды тиімділігі шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуды көздейді. Биылғы 13 сәуірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолдауға жататын қызметтің басым түрлері мен тауарларды кеңейтуді, лизингтік компанияларды бағдарлама операторлары ретінде қосуды, қаржы институттары-бағдарлама операторларының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері туралы талапты 60-тан 50 млрд теңгеге дейін төмендетуді көздейтін түзетулердің 7-топтамасы күшіне енді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT