+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Асқар Мамин карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды

2020 жылғы 11 тамыз 09:17
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Соңғы үш аптада елордада карантин талабы жиі бұзылған Түркістанда санитарлық талапты сақтамаған нысан иелеріне 150 млн теңге айыппұл салынды Атырауда демалыс күндері базарлар жұмыс істемейді

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр. Қалғандары қажетті ем алып жатыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, ауруханалардың жүктемесі 61 және жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеген.

«Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптастып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT