+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Асқар Мамин Қарағанды облысында мемлекеттік жобалардың іске асырылуын тексерді

2020 жылғы 6 мамыр 09:23
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Қарағанды облысында мемлекеттік жобалардың іске асырылуын тексерді

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолының реконструкциясымен танысты. Жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы және 900-ге жуық техника тартылған.

Биыл жаңаланған автожол толықтай ашылады. Сондай-ақ оның бойында 297 су өткізетін құбыр, 17 көпір, жол айрығында екі жолөткел және ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 33 жолөткел салу жоспарланған.


Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында жол құрылысы жұмыстарымен барлығы 800 шақырымнан астам жол қамтылатын болады.

Премьер-Министр жол құрылысы жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды және құрылатын жол инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Балқаш қаласында А. Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын үйдің салыну барысымен, сондай-ақ әуежайды реконструкциялау және өңірдің туристік әлеуетін арттыру жобасымен танысты.


Сонымен қатар Үкімет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытына барды, онда өндіріс процесімен және кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарымен таныстырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT