Асқар Мамин: Қабылданған іс-шаралардың арқасында пандемияның сын-қатерлерін еңсердік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қабылданған іс-шаралардың арқасында пандемияның сын-қатерлерін еңсердік. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия жалғасып, вирустың жаңа штамдары пайда болып жатыр. Вирус жаһандық экономикаға түбегейлі өзгерістер енгізуде. Алдағы уақытта пандемия жағдайында жұмысты жалғастыру қажет. Жалпы қабылданған іс-шаралардың арқасында біз пандемияның сын-қатерлерін еңсердік. Шектеулер жағдайында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың сақталуын, жұмыссыздықтың күрт өсуіне жол берілмеуін және халықтың табысының азаймауын қамтамасыз ете алдық», - деген Асқар Мамин әріптестеріне еңбектері үшін алғыс білдіріп, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


Соңғы жаңалықтар