+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Асқар Мамин инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

2019 жылғы 19 қыркүйек 17:26
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Nur Otan қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады Асқар Мамин Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысын аралады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің (ИАЖК) отырысында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелік етуі мәселелері қаралды.

Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігінің жай-күйі мен келешегін бағалау жөніндегі баяндамалармен, сондай-ақ, елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсыныстармен Қазақстанда аккредиттелген АҚШ елшісі У. Мозер, Ұлыбритания елшісі М. Гиффорд, Канада елшісі Н. Бруссо, Еуропалық Одақ елшісі Свен-Олов Карлссон, ДСҰ-дағы Канаданың тұрақты өкілі С. Боер, АҚШ сауда өкілі көмекшісінің орынбасары З. Реязуддин, «Shell Kazakhstan» вице-президенті және елдік төрағасы О. Лазар, «OMV Petrom» басқарушы директоры Д. Бару, «Globalink» президенті С. Хан, «Baker & MacKenzie» серіктесі А. Йорш сөз сөйледі.

Үкімет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсу қарқынын 5% деңгейінде қамтамасыз ету қажет екенін, бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі 2024 жылы ЖІӨ-нің 30% дейін жетуі керек екенін атап өтті.

«Тікелей шетелдік инвестициялар – бұл инвестициялардың маңызды көзі. Осыған байланысты Қазақстан инвестиция тарту бойынша проактивті позицияны ұстануы керек», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр 2020 жылғы маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ДСҰ-ның 12-ші Министрлер конференциясын өткізу жоспарланғанын айтты.

«Бұл бізге Қазақстанның экономикалық және инвестициялық саясатының ашықтығын көрсетуге жол ашады және еліміздің көпжақты сауда жүйесіне белсенді қатысушы ретіндегі мәртебесін растайды», — деп атап өтті А. Мамин.

Қазақстан — 2015 жылдан бері ДСҰ ресми мүшесі.

ДСҰ-мен өзара іс-қимыл аясында Қазақстанда валюталық реттеу, баға белгілеу және бәсекелестікті дамыту, салық саясаты, кедендік реттеу, импортты лицензиялау, зияткерлік меншік құқығын қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірқатар заңнамалық актілер жетілдірілді, соның ішінде техникалық реттеу, санитарлық және ветеринарлық сипаттағы шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылды.

Қазақстандағы бизнес жүргізу рәсімдерін жеңілдету және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында 50-ден астам заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Осы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі құрылды, ол ДСҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелерін ілгерілетуді қоса алғанда, еліміздің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT