+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Асқар Мамин интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді тапсырды

2020 жылғы 4 тамыз 10:26
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 тамызға дейін оқушылар мен мұғалімдер оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуы керек. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық стартапшылар Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу мүмкіндігіне ие болды Мағжанның «Педагогикасы» түрік тілінде жарық көрді Түлкібас ауданында орта мектептер жаңартылуда

«Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен мұғалімдердің оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуын қамтамасыз етсін. Мұғалімдер тиісті оқудан өткізілсін. Интернет-платформаларда және теледидарда қажетті контент толық көлемде дайындалсын», - деп тапсырды А. Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Премьер-Министр оқулықтар 25 тамызға дейін берілуі керектігін айтты. Оқулықтардың қағаз жүзіндегі нұсқаларының бәрінде міндетті түрде электрондық нұсқалары болуы тиіс, олар қолжетімді болуы керек.

«Цифрлық даму министрлігі әкімдіктермен және байланыс операторлармен бірлесіп, білім беру ресурстарының қолжетімділігі мен орнықтылығын, сондай-ақ елді мекендерде интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.

«Әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі оқу орындарында, әсіресе оқытуды дәстүрлі ашық түрде жалғастыратын және «кезекші» бастауыш сыныптары бар мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. Жалпы, жаңа оқу жылының басталуына барлығымыз үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек», - деді Асқар Мамин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютер беруді қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT