Асқар Мамин индустриялық дамудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жаңартылған жобасын енгізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин моноқалаларда іске асыру үшін аса тиімді индустриялық жобалар топтамасын пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында өңдеу өнеркәсібіне ерекше рөл беріледі. Индустрия министрлігіне ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін Үкіметке Индустриялық-инновациялық дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жаңартылған жобасын енгізуді тапсырамын», - деді А. Мамин.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет даму әлеуеті жоғары моноқалалардың тізбесін қалыптастыруы қажет, кешенді дамыту жоспарлары әзірленеді.

Осы орайда Индустрия, Ұлттық экономика министрліктері мен әкімдіктерге 2022 жылғы 1 наурызға дейін өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, моноқалаларда іске асыру үшін аса тиімді индустриялық жобалар топтамасын пысықтау тапсырылды.

«Салаларды дамытудың аса маңызды міндеті оларды өндірістік процестерге жаңа технологияларды енгізу жөніндегі трендке бейімдеу болып отыр. Осыған байланысты өңдеу секторында цифрлық шешімдерді қолдау құралдарының тізбесін кеңейту қажет. Индустрия министрлігі 2022 жылғы 1 наурызға дейін кәсіпорындарда цифрлық шешімдерді енгізуді ынталандыру бойынша қажетті нормативтік-құқықтық базаның қабылдануын қамтамасыз етсін. Жалпы, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары сапалы, әрі белгіленген мерзімде орындалуға тиіс», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар