+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Асқар Мамин: Халықты вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет

2021 жылғы 20 сәуір 10:17
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин: Халықты вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Шығыс Қазақстанда 700 мыңнан астам адам вакцина алды Қазақстанда өткен тәулікте 1984 адам коронавирустан жазылды

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазір біздің басты міндетіміз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялаумен қамтуды арттыру болып табылады», - деді ол.

Үкімет басшысы пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда екенін баса айтты.

«Дегенмен 8 өңір «қызыл аймақта». Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,06. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі – 41, реанимациялық бөлімдердегі орындар – 27 пайыз», - деді Асқар Мамин.

Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді.

«Бірінші. Халықты, әсіресе қамтылуы төмен өңірлерде вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет. Сәуір айының соңына дейін және ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек. Екінші. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер сапалы медициналық көмек көрсетілуін, медицина ұйымдарының қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін үнемі мониторингтеп тұрсын», - деді Үкімет басшысы.

Үшіншіден Премьер-Министр әкімдіктер Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мобильді мониторингтеу топтарының белсенді қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етуі керектігін баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT