09:52, 15 Маусым 2021 | GMT +6
Асқар Мамин: Халықты вакцина алуға ынталандыратын тәсілдер ойластыру керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» қосымшасын енгізуді ұлғайту керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өздеріңізге белгілі, аймақтағы көршілес мемлекеттерде аурудың өсуі байқалады. Сондықтан, қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бірінші кезекте бұл - вакциналаумен қамтуды ұлғайту. Вакциналауды одан әрі кеңейтіп, күн сайынғы қарқынын барынша ұлғайту қажет», - деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар Үкімет басшысы «Ashyq» қосымшасын енгізуді ұлғайту керектігін баса айтты.
«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, халықтың вакцина алуын ынталандыратын пәрменді тәсілдер ойластыру қажет», - деген Премьер-Министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.