+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті

2019 жылғы 7 қараша 13:22
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерер Фриестің жетекшілігімен палата өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әділет министрлігі заң жобаларының сапасын жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдауы қажет - Асқар Мамин Ұлттық экономика министрлігі даму әлеуеті жоғары елді мекендердің тізбесін қайта қарауы тиіс -Асқар Мамин Қазақстанның 8 айдағы жалпы ішкі өнім өсімі 4,3 пайызды құрады

«Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміздің арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамуда. Француз компаниялары энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және Қазақстан экономикасының басқа да секторларында кеңінен тартылған», — деді А. Мамин.

Биыл 9 айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 6%-дан астамға $3,4 млрд-қа дейін өсті. ҚР экономикасына тікелей француз инвестицияларының ағымы осы жылдың бірінші жартысында 24%-ға $537 млн-ға дейін артты.

Қазақстанда түрлі салаларда француз капиталының қатысуымен 230-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде Total, Orano, Alstrom және басқалары тәрізді ірі трансұлттық корпорациялар бар. Тәуелсіздік жылдары Франция компаниялары Қазақстанға $16,4 млрд-тан астам инвестиция салды.

Үкімет басшысы мен француз компаниясының өкілдері екі елдің бизнес құрылымдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, қаржы вице-министрі Р. Бекетаев қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT