+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

2021 жылғы 23 қыркүйек 13:09
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Үкіметтің сайты хабарлады.

«Қазақстанда ЕҚДБ қызметі кезеңінде экономиканың қаржы, инфрақұрылым, ТКШ, энергетика, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы және АT сияқты басым салаларында жалпы сомасы $10 млрд-тан астам 300-ге жуық жоба қаржыландырылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі $600 млн болатын бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде келісімдерге қол қойылады», — деді А. Мамин.

Тараптар биылғы наурызда қол қойылған ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы елдің тұрақты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімнің іске асырылу барысын талқылады. ЕҚДБ-ның инфрақұрылымды дамытуға қатысуын одан әрі кеңейту, Қазақстанның энергетикалық секторын декарбонизациялау бағдарламасын, ЕҚДБ-ның «Жасыл қалалар» жобаларын іске асыру, кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері қаралды.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ), Алматы қаласындағы С. Ж. Асфендияров атындағы аурухананы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде денсаулық сақтаудың басқа да объектілерін салу жобаларына ерекше назар аударылды.

Келіссөз қорытындысы бойынша Алматы қаласының әуежайын жаңғырту және кеңейту, «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Кездесуге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков қатысты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT