Асқар Мамин елордадағы LRT жобасына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы LRT жобасы қоғамдық көлікті дамытуға үлес қосатынына сенеміз. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімнің баяндамасынан осы жобаның елордаға қажет екенін көріп отырмыз. Жоба түбегейлі қайтадан қарастырылып, ол бойынша оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаны іске асыру барысында және несие берілген мерзімде жобаның құны 1,2 млрд долларға үнемделетін болады. Бірқатар атқарылған жұмыстар нәтижесінде Астана банкіне аударылған 258 млн доллар көлеміндегі қаражат Нұр-Сұлтан әкімдігіне жобаны одан әрі жүзеге асыруға қайтарылады. Жалпы, бұл жоба елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосатынына сенеміз», - деді Асқар Мамин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT жобасы аясында атқарылатын жұмыстар бойынша есеп берді.

Соңғы жаңалықтар