Асқар Мамин ел экономикасының тұрақты өсуіне негіз болатын факторды атады
«Негізгі капиталға салынған инвестиция - 6,2 пайыз, ал тау-кен өндірісін қоспағанда 11,7 пайыз өсті. Бұл болашақта экономиканың тұрақты өсуіне негіз болады. Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша, барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркелді», - деді Үкімет басшысы.
Айтуынша, 6 көрсеткіш бойынша өсім Ақмола, Ақтөбе, атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы сияқты 9 өңірде байқалған.
Ал Батыс Қазақстан облысында тек 5 көрсеткіш бойынша оң динамика бар.
«Министрліктер мен әкімдіктерге жылдың соңына дейін барлық жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деген Премьер-Министр бұл тапсырманың орындалуын бақылауды бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жүктеді.