Асқар Мамин экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп жазады primeminister.kz.

Экономиканы дамыту бойынша одан арғы шаралар болжамы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Т. Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП президиумінің төрағасы Т. Құлыбаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, өңірлер мен салалық қауымдастықтардың басшылары баяндады.

Премьер-Министр Мемлекеттік комиссияның басты міндеті Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының жобасын жаңа редакциясында әзірлеу екенін атап айтты, ол ҚР Президентінің қарауына биыл 1 тамызға дейін ұсынылады.

Құжатта орташа мерзімді кезеңге арналған еліміздің жаңа экономикалық бағытының бағдарлары айқындалатын болады, оның ішінде сыртқы экономикалық конъюнктурадағы өзгерістерді ескерумен экономикада институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуге қатысты түбегейлі жаңа тәсілдер қамтылады.

«Стратегиялық құжат ағымдағы және әлеуетті экономикалық сын-тегеуріндерге жауабымыз болады. Бізге еліміздің бәсекелі артықшылықтарын барынша пайдаланумен Қазақстан экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша шараларды әзірлеп, қабылдау қажет», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы мемлекеттік қолдауды отандық өндірістің әлеуетін көтеруге бағыттау арқылы экономиканың дербестігін арттыру бойынша түбегейлі шараларды қабылаудың, толыққанды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және ҚР-ның әлемдік азық-түлік хабы ретінде қалыптасуының, экспорттық әлеуетті белсенді түрде арттырудың және құнды қалыптастырудың жаһандық тізбегіне кірігудің, сапалы инвестицияларды таргеттеп тартудың, шағын және орта бизнесті дамытудың, сондай-ақ тіршілік әрекетінің барлық салаларын цифрландырудың маңызын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар