Асқар Мамин экономика өсіміне оң баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпан айында қаңтармен салыстырғанда экономиканың өсу қарқыны байқалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпан айында қаңтармен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынын байқап отырмыз. Негізгі көрсеткіштердің көбі жақсарып келеді. Қазіргі кезде экономиканың нақты секторында орнықты оң динамика байқалады. Экономиканы дамытудың негізгі драйверлері: өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, оның ішінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру, ауыл шаруашылығы. Олар жыл басынан бері тұрақты өсіп келеді. Қызмет көрсету секторы біртіндеп қалпына келуде», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының дерегінше, оң динамика тамақ өндірісінде; жеңіл өнеркәсіпте, киім өндірісінде, былғары өнімдер; химия өнеркәсібінде; металлургияда , оның ішінде түсті металдар өндірісінде; машина жасауда, оның ішінде автомобиль жасауда; фармацевтикада байқалып отыр.

«2021 жылғы 4 наурызда ОПЕК+ мониторинг комитетінің отырысы өтті. Онда Қазақстан үшін мұнай өндірудің тәуліктегі көлемін 20 мың баррельге дейін ұлғайтуды көздейтін жеке шарттар келісілді. Бұл шаралар тау-кен өндірісінде өсу қарқынын қалыпты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көмір өнеркәсібінде 4,5 пайыз денгейінде өсім байқалады. Қызмет көрсету секторында ақпарат пен байланыс саласының өсу қарқыны жоғары. Негізгі капиталға инвестициялар өсімі тау-кен өндірісін қоспағанда +13,3 пайызды құрады», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар