+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Асқар Мамин ЕЭК Алқасының төрағасымен ЕАЭО дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

2020 жылғы 24 ақпан 13:24
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин ЕЭК Алқасының төрағасымен ЕАЭО дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы ақпан айынан бастап өз міндетін атқаруға кіріскен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар

«Өзіңіз білетіндей, еуразиялық интеграция идеясын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуына баса көңіл бөледі», — деді А. Мамин.

ЕАЭО жұмыс істей бастаған кезеңнен бері Қазақстанның серіктес елдермен өзара саудасы 23,3%-ға – $16,3 млрд-тан $20,1 млрд-қа дейін өсті. ЕАЭО елдерінен келген инвестициялар ағымы $5,5 млрд асты, бірлескен кәсіпорындар саны шамамен 12 мыңға дейін, 2 есеге ұлғайды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы ЕАЭО ішкі нарығының жұмысы аясында тым көп тосқауылдардың — 66 кедергінің бар екенін атап өтті.

«Кедергілерді жою, классикалық «төрт еркіндікті» (тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші) қамтамасыз ету және өзара сауда көрсеткіштерін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Бұл іскерлік орталарға, жалпы, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің тұрғындарына интеграциялық жобадан нақты пайданы сезінуге мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

Тараптар 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары жобасының әзірлену барысын, ЕАЭО аясында техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіруді, сондай-ақ ЕЭК жұмысының регламентін сақтау мәселелерін талқылады.

Кездесуге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов және ЕЭК Алқасының төрағасы хатшылығының басшысы В. Зиновский қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT