+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Асқар Мамин ЕАЭО-дағы инвестициялық қызметті күшейтуді ұсынды

2020 жылғы 4 желтоқсан 16:47
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин ЕАЭО-дағы инвестициялық қызметті күшейтуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді Үкіметтің ішкі істер органы қызметкерлерін баспанамен қамтуға қатысты қаулысына өзгеріс енгізілді Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды

Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық одақта және одан тыс жерлерде сауданың көлемі мен тұрақтылығын арттыру қажеттігін атап өтті, бұл ЕАЭО-ның еркін сауда аймағы туралы келісімдері бар елдердің тізімін кеңейтуді талап етеді. Премьер-Министр ЕАЭО аясындағы инвестициялық қызметтің ішкі әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл процесте негізгі мақсаты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық өсуіне ықпалдасу және инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту болған Еуразиялық даму банкі бірінші кезектегі рөлді атқаруы тиіс», - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы ЕАЭО-да қабылданатын барлық шешімдердің бизнесті дамытуға, ЕАЭО елдері бюджеттерінің шығыстарына және жалпы алғанда экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға әсерін міндетті сандық және сапалық бағалауды енгізуді ұсынды. Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларын, ЕАЭО ішкі нарығында 2021-2022 жылдары жойылуы тиіс алып тастау және шектеулер тізбесін, бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу мәселесін, сондай-ақ ЕАЭО аясында құрылыс саласында көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT