Асқар Мамин «Цифрлық білім» жобасын ауқымды түрде іске асыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жаңа «Цифрлық білім» жобасын ауқымды түрде іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық біліктілікке жылдан жылға қажеттілік артып келеді. Технологиялық жаңғырту, цифрлық алаңдардың мүмкіндіктері, жасанды интеллект, өндірісті автоматтандыру - кадрларды даярлауды өзгерту мен адами капиталды дамытуды талап етеді. Қазақстанның оқу орындарында жыл сайын 50 мыңнан астам ІТ маманы оқытылады. ІТ мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстар көлемі жыл сайын көбеюуде. Цифрлықы дағдыларды оқыту және ІТ мамандарды даярлау бойынша «Цифрлық білім» жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, цифрлық экономика біртіндеп еңбек саласын өзгертеді.

«ІТ мамандарды даярлап қана қоймай, жұмыс істеп жүрген адамдардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу және олардың цифрлық сауатын арттыру да маңызды. Қазақстандықтардың барлығы цифрлық алаңдарда жұмыс істеп, электронды қызметтерді ала білуі керек», - деді Премьер-министр.

Осыған орай Үкімет басшысы бірқатар тапсырма берді.

«Біріншіден, Білім және ғылым министрлігі, Цифрлық даму министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, «Цифрлық білім» жаңа жобасының ауқымды түрде іске асырылуын қамтамасыз етсін. Цифрлық дағдыларды оқыту, ІТ кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар әзірлеу қажет. Озық оқу орындарының ІТ маман даярлау тәжірибесін өңірлік университеттер мен колледждерге тарату керек», - деді ол.

Айта кетсек Үкімет отырысында «Цифрлық білім» жобасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырған болатын.

Соңғы жаңалықтар